top of page
Қазақ [ФОТО]

Қазақ [ФОТО]

vk.com/kazahfoto

Қазақ [ФОТО]

Қазақ [ФОТО]

vk.com/kazahfoto

Қазақ [ФОТО]

Қазақ [ФОТО]

vk.com/kazahfoto

Қазақ [ФОТО]

Қазақ [ФОТО]

vk.com/kazahfoto

Қазақ [ФОТО]

Қазақ [ФОТО]

vk.com/kazahfoto

Достық

Сені сүю мен үшін-

                                    Тәңір жазған заңдылық!

Ана махаббаты

Әкеме мінез үшін рахмет 
Анама сұлулық үшін рахмет 
Аллама өмір үшін рахмет 

Даналық ой

Әкеме мінез үшін рахмет 
Анама сұлулық үшін рахмет 
Аллама өмір үшін рахмет 

СОҢҒЫ ОҚИҒАЛАР

Бірінші рет кешіру даналық,
Eкінші рет кешіру кеңпейілділік,
Үшінші рет кешіру ақымақтық. деп адамдарда айта береды... Кешірмейтін кімбіз, АЛЛАның өзі кешіріп тұрғанда. 
Кешіре бер он рет болса да төбеңде АЛЛА көріп тұр....

АҚЫРЕТ АҚИҚАТЫ
«Ендеше, отыны адамдар мен тастардан болатын, кәпірлер үшін әзірленген оттан
қорқыңдар! (Әй, Мұхаммед) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында
олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар» (Бақара, 24-25).
Исламдық сенімнің негізі – иман. Иман дегеніміз – Аллаһ тағала тарапынан Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) түсірілген иләһи үкімдерге сену. Дәлірек айтатын болсақ, Аллаһтың бар екендігіне және Оның жеке-дара екендігіне, сондай-ақ одан өзге ешқандай тәңір жоқ екендігіне, Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың сүйікті құлы әрі адамзатты хақ жолға бастау үшін адамдардың ішінен Алла Тағала өзі таңдап алған Елшісі екендігіне жүрекпен сену, сөйтіп, сол сенімді тілмен айтып құптау. Өзін мұсылманмын деп білетін әрбір адам иман кәлималарының мәтіні мен мағынасын жақсы білуге тиіс. Иман шарттарына төмендегілер жатады: Аллаһ тағалаға сену, Перiштелерге иман, Кiтаптарына сену, Пайғамбарларға иман, Ақыретке сену, Тағдырға сену.
Көп адамдар осы иман шарттарына сенеміз деп тілімен айтқанымен, ақыретке сену туралы сөз болғанда күдіктеніп жатады. Оған күнделікті өмірімізде кезіктіріп жүрген дәлелдер жеткілікті. Бірде мен танысымның: «Мен иман шарттарының бәріне сенемін, бірақ адамдар өлгеннен кейін қайта тіріледі дегенге күмәнім бар» деген сөзін құлағым шалып қалды. Содан кейін оған Құран Кәрімде дүние өмірінің өтпелі екені жөнінде көптеген аяттар бар екендігін айтып, ақыретке сенбесе иманы толық болып саналмайтындығын түсіндірдім.
Адам баласы өлімді және өлімнен кейінгі өмірді толық білмегендіктен, осы өмірде бір мезгіл көбірек тұруды көксейді. Түрліше сенімдер мен философиялар өлім және одан кейінгі өмір үшін әр алуан тұжыpымдар жа­саса да, өзгермейтін жалғыз шындық – бір адамның бір өмір шегі болғаны. Ешкім қашан және қайда өлетінін біле алмайды. Бұл білім Аллаға тән. Мұны білмейтіндер үшін бұл өмір мәңгілік тәрізді. Ал адамның өлімнен қашып құтыла алмайтындығы туралы төмендегідей аяттар бар:
Әли Ғимран сүресінің 185- аятында: «Әркім өлімді татады. Шын мәнінде Қиямет күні ақыларың толық төленеді», – делінген. Ал Әнбия сүресінің 35- аятында былай деп бұйырылады: «Әркім өлімді татады. Сендерді сынап, жаман-жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар».
Сондықтан Ислам діні адамның бұл дүние мен о дүние арасындағы тепе-теңдікті сақтап өмір сүруін қалайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Бұл дүние үшін мәңгі тірі жүретіндей, ақырет үшін ертең өлетіндей амал жасаңдар» деген насихаты осыны түсіндіреді. Осы екеуі арасында қандай байланыс бар екенін ұғынуға талпыну­ымыз керек. Бұл дүние үшін еңбектенген адам ең негізгі қажеттіліктерін қамдаудан адам болу барысындағы әрбір қадамына дейін үнемі қарбалас. Осы қарбаластық ішінде әділет, сенім, құрмет, шапағат, туралық сияқты өскелең құндылықтармен әрекет жасаса, міне, осы кезде бұл дүние үшін әрі о дүние үшін еңбектенгені.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Дүние – ақыреттің егіс алаңы» деген сөзімен бұл дүниеде еккендерімізді о дүниеде оратынымызға меңзеген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтуынша Қиямет күні адам өмірді қайда өткізгенінен, денесін қайда тоздырғанынан, мал-мүлкін қайдан тауып, қайда жұмсағанынан, білімімен нелер істегенінен есеп береді. Мұның жауабын Алланы разы қылатындай бір өмір өткізген етіп беpетін болса, міне, сол кезде бұл дүние әрі о дүние үшін тепе-тең өмір сүрген деп саналады. Бұл өмірді қалай өткізу керектігі жөніндегі насихаттар Құран Кәрім арқылы және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір өнегелерімен бізге баяндалған.
Мұсылман адам еңбегімен осы дүниеге дайындалғаны тәрізді, ғибадат құлшылығымен Ақырет өміріне де дай­ындалуы керек. Өйткені, мұсылман адам тек осы тіршілік үшін ғана жаратылмаған. Мұнда бастысы – екі дүниенің өлшемдеріне қиянат жасамай, дұрыс сақтай білу. Осы­лай еткен адамдар ғана дүние және Ақырет бақытының кілтін таба алады.
Алла өлім мен өмірді қайсымыз тамаша әрекеттермен өткізетінімізді сынау үшін жаратқан. Адам баласын бос тастамаған. Олардың ірілі-ұсақты әрбір әрекетін жа­зып отырған. Күні келгенде кісінің өзі үшін алдын ала не дайындап, жолдағаны қаралады. Зілзала сүресінің 7-8 аяттарында былай делінген: «Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді».
Яғни сынақ үшін жаратылған мына уақытша өмірдің соңында ақырет күні үлкен сот болмақ. Егер ақырет күні болмаса, дүниедегі сансыз сауалдар мен әділетсіз істер жауапсыз қалар еді ғой. Аллаһ тағала Құран Кәрімнің «Әнбия» сүресі, 47-ші аятта: «Қиямет күні әділдік таразысын құрамыз. Ол жерде ешбір жан әділетсіздікке ұшырамайды. Істелген іс бір хардал дәнінің салмағындай болса да, оны таразыға әкеліп тартамыз. Есеп алушы ретінде біз жеткіліктіміз», – дейді.
Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдар ұйықтайды, өлгенде оянады. Ұйқыдан оянғаннан кейін нағыз өмір басталады. Бұл өмірде болғандар «Одүние» деп аталған нағыз өмірде алдымыздан шығады. Жақсылықтар толық сыйланады. Жамандықтар жаза­ланады», – деген.
Дүниеде ие болған барлық нәрсе Алланың уақытша ырыздықтары. Алла олардан шүкіршілік етуді күтеді. Сол сияқты қиыншылықтар да уақытша. Оған да сабыр сақтауымызды күтеді. Өзінің алдында одан да жақсысын табатынымызға сенуімізді күтеді. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына дұғаны айтуымызды насихаттаған: «Раббымыз! Бізге дүниеде жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!». 
Ол өзі барлық мүмкiндiк туып тұрса да, қарапайым өмiр сүрдi. Шағын ғана үйде бiрде аш, бiрде тоқ ғұмыр кештi. Дүние жинамады, оған қызықпады да. Оның үйiнде кей кездерi iшерге тамақ та қалмайды екен. Өйткенi, Хақ пайғамбар қолына түскен азық-түлiк, дүние-мүлiктiң бәрiн жарлы-жақыбайларға үнемi таратып жiберетiн.
Хазретi Омар (р.а.) бiрде Аллаһ Елшiсiнiң бөлмесiне кiргенде оның ши үстiнде жатқанын көредi. Жүзiне шидiң iзi түсiп қалыпты. Омар (р.а.) шыдай алмай жылап жiберсе керек, сонда Расулаллаһ (с.а.с.): «Ақыреттiң бiздiкi болуын қаламайсың ба?», – деген екен. Міне, сүйiктi Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әрбiр өсиетi, әрбiр амалы, әрбiр құлшылығы – бәрi-бәрi тек бiр Аллаһтың ризалығын алуға үндейтiн. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бірде «Дүниенiң қызығын не үшiн көрмейсiң?» дегендерге былай дейді: «Исрафил қолына «сүрді» ұстап, Хақ Тағаланың әмiрiн күтiп тұрғанда, қалай ғана дүниенiң қызығын татайын?», – деп жауап берген.
Мұсылман баласы бұл өмірде қорқыныш пен үміт арасында өмір сүруі керек. Олар: «Ақыретте мені не күтіп тұр, жасаған құлшылықтарым қабыл бола ма, бұл дүниеден иманды болып өтер ме екенмін, қабір сұрақтарына дұрыс жауап бере аламын ба екен, қисабы кезінде таразым ауыр баспай, қыл көпірден аман-есен өтіп, жәннатқа кіре ала ма екенмін» деген сансыз сауалдарды өзіне қоя отырып, үнемі құдайы бақылауда екендіктерін естен шығармай, соған лайық өмір сүруі тиіс. Әрине, бұл сұрақтардың барлығы ақырет қорқынышынан туындайды әрі бұл иманмен тығыз байланысты.
Ал осы ақырет күніне иман келтірген адам о дүниеде Тозақ пен Жәннаттың болатындығына да еш шүбәсіз сенеді. Мұндай адамдар Жәннат пен Тозаққа иман келтіріп, олардың жаратылғанын және қазіргі кезде бар екенін, сондай-ақ Аллаһтың әмірімен олар мәңгі тұратынын және ешуақытта жоқ болып кетпейтінін көңілмен бекітіп, растай алады.
Ал Жұмақ пен Тозақ – адамның өлімнен кейін қандай қалыпта болатынын сипаттайтын сөздер ғана емес. Олар шынымен бар орындар. Тозақ – сенбеушілер Құдайдың тоқтамсыз қаһарына тап болатын орын. Ол жерде Құдайды танымағандардың жаны да, тәні де еш тоқтамсыз қиналып, ол сорлылар мәңгі-бақи қайғырып, өкініп, масқараланып ұялатын болады.
Құранда да олардың бар екені туралы айтылған. Мыса­лы, Жәннат туралы: «...және тақуалар үшін әзірленген», – делінсе («Имран», 133), Тозақ туралы: «...қарсы болғандар үшін дайындалған», – делінеді («Имран», 131).
Жаратушымыз өзіне сенбейтін, әмірлеріне қарсы келетіндер үшін Тозақта күйзелтуші азап дайындады. Тамұқтың түпсіз терең, отты тұңғиығында Заққұм деп аталатын ағаш өседі. Бұл ағаштың жемісінің түрі шайтандардың бастары тәрізді. Ашыққан жандар одан жеп, қарындарын толтырғысы келеді. Алайда Тозақтың мекендеушілері оны қанша тістесе, олар да күнәһарларды сонша тістеумен жауап қайтаратын болады. Оның үстіне құдіреті күшті Аллаһ Құранда тозақтағылардың сасық тікеннен басқа тамағы болмайтынын әрі ол аштықты баспайтындығын айтқан болатын. Олардың дәмі адыра­спаннан да ащы, ал иісі шіріктің иісінен де жиіркенішті. Қашан оны біреу жесе, ол асқазанға түспейді және қайтадан ауызға шықпайды, екеуінің арасында тұрып қалады. Сондай-ақ тамұқ күзетшілері жуан денелі, қатал періштелер күнәһарларды шоқпармен ұрады. Тозақтың биігіне көтереді де, түбіне лақтырады және түбіне жетіп құлағанша самсаған қылыштармен к е с к і л е н г е н о н ы ң денесінде бір кесек те ет қалмайды. Ыстық жалынды леп уатылған денені қайтадан жоғары үрлейді. Бұл азап осылай жалғаса береді.
Имам Ахмад (р. а . ) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисін жеткізді: «Менің үмметімнен күнәлі болғандар Отқа кіреді және онда Аллаһ тағала қанша қаласа, сонша болады. Ақырында, күнәларының жазасын өтеп болған соң ең соңғы мұсылмандар тамұқтан еңбектеп шығып, Жәннатқа кіреді. Жәннаттың өзге тұрғындарынан айырмашылығы – олардың маңдайларында «кешірілген» деген жазу бо­лады. Ал, тозақ отында тек Аллаһқа серік қосқандар (одан өзгеден жәрдем тілегендер) ғана мәңгіге қалады».
Ал Құранда Тозақта мәңгі қалатындар туралы ескерту­лер жетерлік. «Кім Аллаһқа, Оның Елшісіне қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар» («Жын», 23). «…кім Аллаһқа серік қосса, расында, Аллаһ оған Жәннатты харам етеді. Оның орны – ішінде мәңгі қалатын Тозақ оты. Сондай-ақ, залымдар үшін жәрдемші жоқ…» («Ниса»,72-аят).
Адам ажалы жетіп өлгеннен соң қабірдің ішінде қайта тірілтіледі. Сөйтіп, Мәңкүр мен Нүңкірдің бер­ген сұрақтарына сәтті жауап қайтара алса, қабірдің жұмағына кезігеді, әйтпесе қабір азабына тап болады. Егер қандай да бір себепке байланысты адамның денесі мазаратқа жерленбей қалса, мәселен: адам өртеніп, денесі күлге айналған болса немесе жыртқыш аңдар жеп кеткен болса, суға кетіп денесі мүлдем табылмаса және осылар сияқты жағдайларға байланысты мәйіттің денесі қабірге қойылмаған болса да, бәрібір оның рухы Мәңкүр мен Нүңкір сұрағынан құтылмайды. Құдіретті Алла өзі қалаған жерінде, мәйіттің рухын қос періштенің сұрағына тап қылады. Қабір жұмағы нәсіп еткен адам ақырет күніне дейін өз қабірінің ішіндегі жұмақта жаны рақатқа бөленіп жатады. Ал кімге мұндай жақсылық нәсіп етпеген болса, өз қабірінің ішіндегі тозаққа кезігіп, ақырет күніне шейін жаны азапта жатады.
Сондай-ақ ол қос періште: «Раббың кім? Сен дүниедегі кезіңде кімді құдай деп білдің? Пайғамбарың кім? Дінің қай дін? Кітабың қай кітап? Құбылаң қай жер?», – деп ежіктейді. Бұл сұрауларға б е р і л е т і н жа у а п тың маңыздылығы мен сәттілігі пенденің өмірлік кезіндегі халіне байланысты болады. Алланы танымаған, пенделік міндеттерін орындамаған, Кітапқа сай амал жасамаған, тірі кезінде жүзін құбылаға бейімдемеген немесе жағдайы бола тұрып оны тәу ет­пеген, Пайғамбар сөзін тыңдамаған, оның сүннетін ұстануды ойламаған, дінді құрмет тұтпаған адамның ол күндегі халі хадисте баяндалғандай тым ауыр болады. Міне, осы хадис мәлімдегендей, кәпірлердің қабір азабына тап болатындығы даусыз. Олардың ешбірі қабір азабынан тыс қалмайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мен Миғражға көтерілгенде маған Жәннат көрсетілді, сонда оның тұрғындарының басым көпшілігі кедейлер екенін көрдім. Сонан соң маған Тозақ көрсетілді, сонда оның тұрғындарының ба­сым көпшілігі әйелдер екенін көрдім», – деген (Бұхари, Мүслім).
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тағы былай де­ген: «Қиямет күні адамдарға берілетін ең жеңіл жаза – табанның орта тұсында жататын екі түйір көмір шоқтары болады, оның қызуынан бастың миы қазан қайнағандай сарқырап қайнайды». Сондықтан бар­шамыз: «Алданбаңдар: Құдай адамның Оны елемей, өз бетімен жүруіне жол бермейді. Адам не ексе, соны орады» (Ғал. 6:7) – деген Алла тағаланың Сөзін естен шығармайық.

Айсұлу СҰЛТАНХАН

Екі дос сахарада сапар шегіп келе жатып әлденеге келісе алмай, сөз тартысып қалады. Бірі ашуланып екіншісінің бетінен салып қалады. Таяқ жеген досы ауырсынғанына қарамастан жақ ашпайды. Сосын қолына таяқ алып құм бетіне: «Бүгін менің жан досым бетімнен ұрды» - деп жазады. Содан соң сапарларын ары қарай жалғастырады. Көп ұзамай алдарынан үлкен көл кездеседі. Екеуі суға түсіп, салқындап алуға бекінеді. Суға түскені сол-ақ екен соққы жеген жігіт аяғына балдыр оратылып, тұншыға бастайды. Серігі жалма-жан көмекке ұмтылып, әрең дегенде оны құтқарып қалады. Бір ажалдан аман қалған жігіт өз-өзіне келгесін орнынан тұрып, тасқа ойып (қашап) мынадай сөздер жазады: «Бүгін менің жан досым өмірімді аман алып қалды». Жолдасының ісіне аздап таңырқаған досы: «Алғашында құмға жазып едің, ендігі істі тасқа жазып жатырсың. Мұны қалай түсіндік?» - деп сұрайды. Сонда оған: «Бізге біреу зиян тигізсе істеген ісін құмға жазуымыз керек. Кешірім желі суырып, оны өшіріп жіберуге жеңіл болады. Ал біреу бізге жақсылық жасаса оны тасқа жазғанымыз ләзім. Қандай дауыл, борандар болса да, оны ешқашан өшіре алмайды» - деген екен ақылды дос.

Аяқ киім дүкеніне келген тауарларын сөрелерге орналастырып жатқан дүкеншінің ісін, көшеде бір бала сырттай бақылап тұрды. Жазғы демалыс таяп қалғандықтан, спорт аяқ киімдеріне сүраныс көп еді. Олардың ең әдемілерін жұртшылық назарына түссін деп орналастырып жатқанда, дүкеншінің көзі балдаққа сүйеніп тұрған балаға түсті. Байқап қараса, оның сол аяғының тізесінен төмен жағы шолақ екен. Бала аяқ киімдерге қызыға қарап тұр.

Сатушының оны байқап қойғанын сезіп, бұрылып кете бермекші еді, дүкенші сыртқа жүгіріп шықты.

Балақай!!! Аяқ киім алмақшы ма едің? Биылғы аяқ киімдер өте әдемі, байқадың ба? - деді. Бала оған:

Иә, шынында, өте әдемі екен, - деп жауап қатты. Бірақ... менің бір аяғым туылғалы кеміс, - деді.

- Мен үшін бұл қорқынышты емес. Мына дүниеде кемшіліксіз адам жоқ шығар. Біреудің тәнінде, енді біреудің ақылы мен иманында кемшіліктер болады.

Бала үнсіз тұрып қалды. Ал дүкенші сөзін сабақтап: - Әттең, кемшілік иманымызда емес, аяғымызда ғана болса еді, - деп күрсінді. Бала дүкеншіге жақындап келіп:

- Сөзіңізді түсінбедім. Неге олай дейсіз? - деді.

- Өйткені иманымыз болмаса жұмаққа кіре алмаймыз. Ал аяғымыздың болмауы оған кедергі бола алмайды. Ол жақта бүкіл кемшіліктеріміз түзеледі. Сонымен қатар мына дүниедегі қиыншылықтарға сабыр еткендерге мол сыйлықтар бар, - деді. Дүкеншінің сөздерін мұқият тыңдап тұрған бала, осы күнге дейін қинап жүрген жарасы жазылып бара жатқандай сезілді.

Сатушы сөрелерді нұсқап:

- Сен көрген аяқ киім саған жарасады! Киіп көресіңбе? - деді. Бала: - Оның бағасы 30 доллар. Оны алуға ақшам жетпейді.

- Саған арзандатып беремін. Оның үстіне сен біреуін ғана аласың. Бұл саған одан сайын жеңілдік болады.

Бала біраз ойланып:

- Екінші пары іске аспай қалады ғой. Сосын оны кім алады?

- Сен ол үшін қам жемей-ақ қой. Мен оны оң аяғы жоқ адамға сатармын. Сен оқушы шығарсың? - деп сұрады.

- Әрине, 2-сыныпты бітіріп, 3-сыныпқа өтемін, - деді бала.

- Охо, сенің әлі оқушыларға деген жеңілдігің де бар екен ғой. Сонда саған бір аяқ киім 5 долларға түсіп түр. Ал, саттым саған.

Дүкенші баланың таңырқап тұрған сәтін пайдаланып, дүкенге дереу кірді де әдемі аяқ киімді алып шығып балаға кигізді. Ал енді ескі аяқ киіміңді сен маған сат деп жабыса кетті. «Сен мұны маған сатсаң, саған шексіз разымын» - деді.

- Қалжыңдап тұрсыз ба? Мұның табаны түсуге айналған. Ескі аяқ киім ақша болушы ма еді? - деді бала таңданып.

Досым сенің антикалық заттардан хабарың жоқ сияқты. Зат қаншалықты ескі болса, соншалықты қымбат болады. Сондықтан сенің аяқ киімің кемінде 30-40 доллардан кем болмайды. Бала өз-өзіне сенбей тұрып қалды. Оған мұның барлығы көрген түс сияқты сезілді. Өміріндегі ең ташама кезі дүкеншінің оған ақша ұстатып жатқан кезі еді. Ол ақшаларды ұстап тұрып, 10 долларын дүкеншіге қайтарып берді де;

- Маған 30 доллар да жетеді. Өзіңіз айтқандай қазір жеңілдікпен сату науқаны емес пе? - деп күлімсіреді. Дүкенші оның көңіліне тимесін деп, 10 долларды қайтып алды да баланың маңдайынан сүйді. Ол өзін өте бақытты сезінді. Ол бұл бақытты бір күнде барлық аяқ киім сатылып кетсе де, сезіне алмайтын еді. Бала үйіне қайтпақ болып жинала бастады. Ол дүкеншіге ыстық лебіздерін айтып былай деді:

- Әкем дұрыс айтқан екен. Ол маған үнемі:

- Шолақ болғаныңа ешқашан қайғырушы болма, - деп көп ескертетін. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім бір мүминнің дүние қайғыларынан біреуін айықтырса, Аллаһ та оның қиямет күнгі қайғыларының біреуін айықтыратын болады. Ал кімде-кім қарызын өтеуге шамасы жетпейтін тарыкқан кісіге жеңілдік жасаса, Аллаһ та оған екі дүниеде жеңілдік жасайды. Кімде-кім бір мұсылманның айыбын жасыратын болса, Аллаһ оның да екі дүниеде айыбын жасырады. Кімде-кім бауырына көмек берсе. Аллаһ ол құлына да көмек береді» деген екен.

1/2

Please reload

KAZah.ga

Біздің жаңалықтарға жазыл

Құттықтаймыз, сіз жаңалықтарға жазылдыңыз!

Anchor 1
ЖАРНАМА

Жарнама қою

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
27

22 наурыз құтты болсын!

 

Баршаңызды 22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!!! Жаңа Жыл - отбасымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!!  Жанұяңызға тыныштық және бақыт сыйласын.Жұмыстарыңыз табысты болсын!

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Кіру

Шығу

27

Қош келдіңіздер!

 

Армысыздар құрметті ағайын. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. 

Қазақстан Республикасы. Барлық құқығы қорғалған

© 2015 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕБ-ПОРТАЛ «Қазақ Афоризмдері».

    bottom of page